Арман Орынбеков – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»

Арман Орынбеков – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»

Шымкент қаласының үздік педагогі Арман Орынбеков «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Марапатты ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады.

Арман Орынбеков - Шымкент қаласындағы №90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры болып қызмет атқарады. Осыған дейін Арман Шымбайұлының 80-нен астам әдістемелік-оқу құралдары жарық көрді. Ол 2019 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері.

Арман ұстаз баптаған көптеген оқушы 1999-2012 жылдар аралығында қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларында халықаралық тарих, құқық, азаматтану пәндері бойынша және дебат сайыстарында үздіктер қатарынан табылған.