Асар-2-ге биыл газ беріледі

Асар-2-ге биыл газ беріледі

Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімдігі мен қаладағы инфрақұрылым саласының өкілдері Асар-2 шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылым мәселесі жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйесімен қамту бойынша «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы жүргізіліп, аяқталуға таяды. Жоспар бойынша биыл қараша айында тұрғындарға сапалы ауыз су берілетін болады. Сонымен бірге электр жарығы бойынша «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар толығымен аяқталды.

Тамыз айында тұрғындар электр жарығына қол жеткізбек. Табиғи газ мәселесі бойынша «Отау Строй» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қараша айында шағынаудан тұрғындарын табиғи газға қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, бүгінде «Атырау Group» ЖШС тарапынан шағынауданындағы 17 шақырым жолға шағал тас төселініп жатыр.