Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғ.Махан бастаған топ мүшелері қала жастарымен кездесіп, жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді тыңдады.
Жастармен кездесуге топ жетекшісі Ғалымжан Махан, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, республикалық тәжік ЭМБ төрағасы Акбаржан Исмаилов, республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Астана қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысып, жастармен жұмысты жандандыру мәселесі, жастардың белсенділігін арттыру мен көрсетілетін қолдаулар және жастарды біріктіретін жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қазіргі таңда, қала аумағында 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар. Бұл жалпы қала тұрғындарының 32% құрайды.
Бүгінде Шымкент қаласындағы 8 жоғары, 21 орта арнаулы оқу орындарында «Достық» клубтары жұмыстарын жүргізуде.
«Ассамблея жастары» ұйымының жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылып келеді. 100-ден астам этнос өкілдері мекен ететін өңірімізде 17 этномәдени бірлестіктің жанынан 12 жастар қанаты жұмыс жасауда.