Осы орайда Дирекция өкілі БАҚ өкілдеріне арналған маңызды мәлімдеме жасады.
«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі кезінде 8 қыркүйек күні сағат 16:00-ден бастап «Қазмедиа орталығы» орталық баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады. Журналистердің ақпарат таратуына ыңғайлы болуы үшін Ойындардың ашылу салтанаты «Қазмедиа орталығында» ұйымдастырылған баспасөз орталығында тікелей эфирден көрсетіледі. Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында «Қазмедиа орталығындағы» баспасөз орталығымен қоса «Қазанат» ипподромында, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз айдынында баспасөз орталықтары жұмыс істейтін болады.
Этноауылда арнайы студия ретінде жабдықталған киіз үй жұмыс істейтін болады», - деді өз сөзінде.
Оның айтуынша, ойындарға қазақстандық және халықаралық БАҚ қызығушылық танытқан. Баспасөз аккредитациясының жалпы саны 64 елден 1185 өтінімді құрады. Олардың ішінде CNN, BBC, Euronews және т.б. сияқты әлемдік жетекші БАҚ өкілдері бар. Жарыстың барлық кезеңінде негізгі спорт нысандарында баспасөз орталықтары жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Абылай Қондыбаев наурыз айының соңында жарыстарға билеттер сатыла басталғанын айтты.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ересектерге арналған билеттерінің құны 500-ден 15 000 теңгеге дейін құрайды. Ал билеттердің орташа бағасы - 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкүндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер мен арзандатылған бағалар қарастырылған.
« Қазіргі таңда Ойындар алдында волонтерлер белсенді жұмысқа кірісті. Ойындар кезінде барлығы 1300 волонтер қызмет атқарады. Волонтерлерден ойын алдында барлығы 4500-ден астам өтінім келіп түсті», - деп қосты ол.
Оның айтуынша, ойындарға қазақстандық және халықаралық БАҚ қызығушылық танытқан. Баспасөз аккредитациясының жалпы саны 64 елден 1185 өтінімді құрады. Олардың ішінде CNN, BBC, Euronews және т.б. сияқты әлемдік жетекші БАҚ өкілдері бар.