АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Қаладағы Арбат демалыс аймағында "Астана" күні мерекесіне арналған "Жайна, ару - Астана!" атты мерекелік іс-шара өтті. Жергілікті өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Іс-шарада «Шымкент концерт» ұйымының әншілері - Хадиша Шалабаева, Астана Қарғабай, Бағлан Жолдасов, Берік Сексенбек, Жұлдыз Шүкірбаева, Асыл Жандәулетов, Қуаныш Абжапбаров мерекемен құттықтап, көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды. Биыл елордамыз Астана қаласы 26 жылдығын тойлауда. Елорда – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан жаңаруының, тәуелсіз республикамыздың нышаны. Ширек ғасырдан астам уақытта жаңа елорда жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

«Шымкент келбеті»