Қалалық жастар ресурстық орталығында 12-тамыз – Халықаралық жастар күніне орай ашық аспан астында «Karaoke party» кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – қала жастарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және шығармашылықтарын шыңдау, азаматтық бастамаларды қолдау және әлеуметтік белсенділікті насихаттау.
Жастар күніне орай қолға алынған көңілді кеште қала жастары және тұрғындар хит әндерді әуелетіп, кешкі уақыттарын керемет өткізді. Әндерді үздік айтқан қатысушылар тұрғындардың құрмет-қошеметіне ие болды. Сондай-ақ, іс-шарада кез келген қала тұрғыны хит әндерді паш етуге мүмкіндік алды.
Бүгінгі таңда қалалық жастар ресурстық орталығы тарапынан қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылықтарын шыңдау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бірқатар тағылымды жобалар қолға алынған. Бұған дейін «Shymkent - Talants show» іс-шарасы қала жастарының қызығушылығын тудырған еді.
Алдағы уақытта қала тұрғындары мен жастарға арналған түрлі іс-шаралар тізбегі өз жалғасын табады.
«Шымкент келбеті»