​«Ата Заң – асыл мұраттар бастауы»: Конституция күніне арналған көлемді кітап көрмесі өтті

​«Ата Заң – асыл мұраттар бастауы»: Конституция күніне арналған көлемді кітап көрмесі өтті

Шымкент қаласы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің негізгі мақсаты – Конституцияның қоғамдағы рөлін насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жастарға елдің негізгі заңы жайында тереңірек мағлұмат беру.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ресми басылымдар, ел тәуелсіздігі мен құқықтық мемлекеттің дамуына арналған кітаптар мен мақалалар топтастырылды. Сондай-ақ, көрмеде еліміздің саяси-құқықтық тарихын айқындайтын деректер, фотосуреттер қойылды.

Кітап көрмесі оқырмандарға құқықтық мемлекет пен демократиялық құндылықтардың маңызын түсіндіріп, Ата Заңға деген құрмет пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етпек.

«Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» көрмесі көпшілік назарына бірнеше күн бойы ұсынылып, барлық келушілерге ашық болады.

«Шымкент келбеті»