Jusan Bank АТФБанкті өзіне қосқалы жатыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Банктің баспасөз қызметінің айтуынша,мұндай шешім бірлескен шешім акционерлердің жиналысында қабылданды.
Қосылу процесі аяқталғаннан кейін Jusan Bank активтерінің көлемі шамамен 3 триллион теңгені құрайды. Осылайша, Jusan Bank активтер мен капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кірмек.
"Біз қаржылық позициялары берік және цифрлық сервистері аса ыңғайлы сенімді әрі заманауи банк құрып жатырмыз. Клиенттік базаларды біріктірудің және алдыңғы қатарлы технологияларды енгізудің арқасында біз нарықтағы үлесіміздің одан әрі қарқынды өсетініне сенімдіміз. Екі банк біріккен кейін ол 10 пайыздан асады", – деді Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.
Айта кетейік, Jusan Bank бүкіл ел бойынша 1,1 мың бірліктен асатын ең ірі банкоматтар желісі мен 180-нен астам бөлімшені қамтиды. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылу үдерісін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Банктердің әкімшілігі алдағы бірігу процесі клиенттер үшін барынша жайлы өтетініне сендірді. Екі банктің бірігуі барысында АТФБанктің барлық бөлімшесі мен сервисі Jusan Bank-ке толық көшкенге дейін жұмысын қалыпты режимде жалғастырады.