Ауданда абаттандыру жұмыстары басты назарда

Ауданда абаттандыру жұмыстары басты назарда

Қала әкімінің шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағындағы «Өтеміс» тұрғын алабындағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Нақтырақ айтсақ, «Өтеміс» тұрғын алабындағы Жастар көшесін абаттандыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын "Назар" ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін 94 аула абаттандырылса, ағымдағы жылы жобамен 15-ке жуық ауланы абаттандыру жұмыстары қолға алынатын болады.

Тұрғын алабындағы қолға алынған жұмыстарға аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.

Тұрғындардың игілігі үшін істелініп жатқан абаттандыру жұмыстарына күтіммен қарап, жанашырлық танытуға шақырамыз.