Ауданда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді

Ауданда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді

Шымкент қаласы Еңбекші аудынында 35 шағынаудан мен тұрғын алап болса, оның басым бөлігі инфрақұрылыммен қамтылған, деп хабарлайды Shymkenaqparat

Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Оның сөзінше, жыл соңына дейін ауданда ауыз сумен қамту 94,4%болса, сапалы электр жүйесімен қамту 95,2%-ға, ал табиғи газбенқамту 86,4%-ға жеткізіледі.

Аудан тұрғындарының ауыз сумен қамтылмаған 5,6 пайызын ауыз сумен қамту жұмыстары келер жылы жүргізілсе, қазіргі таңда Жалын тұрғын алабында 566 абонентке, Жұлдыз т/а-ның жаңақұрылысында 484 абонентке, Қарабастау т/а-ның жаңақұрылысында 750 абонентке, жалпы1800 абонентке сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге биылБадам (195 орам) ш/а 331 абонентке газ жүйесі жүргізілді. Бүгінде тұрғындардың газ жүйесіне қосылу жұмыстары жүргізілуде, - деді Д.Есілбек.

Тікелей эфир барысында жолдардың жағдайын жақсарту үшін осы жылы 57 көшеге (58,9 шқ.) орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда 19 көшені асфальттау жұмыстары аяқталғанын және 38 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.