Аудандағы ретсіз қоқыс алаңдары жойылды

Аудандағы ретсіз қоқыс алаңдары жойылды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ жүзеге асыратын ғарыш мониторингінің қорытындысы бойынша Шымкент қаласының Абай ауданында бей-берекет қоқыс үйінділерінің 20 кординаттық нүктелері анықталған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мұндай қоқыс үйінділері ауданнан шалғай орналасқан елдімекен аумақтарында жиі кездеседі. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 15-29 шілде аралығында ретсіз қоқыс алаңдарын жою бойынша іс-шара өтті.

Оған 8 арнайы техника, 15 ауыр жүк көлігі мен 40-қа жуық жұмыс күші жұмылдырылған. Жұмысшы топ 350 тонна қоқысты арнайы полигонға шығарды.

«Қала тазалығы - баршаға ортақ. Алайда кейбір қала тұрғындары құрылыс және қатты тұрмыстық қалдықтарды белігенбеген орындарға тастап, қоршаған ортаның тазалығына немқұрайдылық танытуда», -дейді Абай ауданы әкімдігінің өкілдері.

Сонымен бірге аудан әкімдігі, белгіленбеген орындарға қоқыс тастау Қазақстан Республикасының Әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершіліктерге тартылатынын ескертеді.