Бүгін қалалық №1 клиникалық аурухана базасында жалпы қалалық жаттығу шеңберінде сейсмикалық жаттығу өтті. Сейсможаттығуда төтенше жағдай қаупі туындаған кезде медицина қызметкерлерінің әрекеттері пысықталды. Іс-шараға клиникалық аурухананың қызметкерлерінен құрылған құтқару командасы, санитарлық пост, барлау және өрт сөндіру топтары жұмылдырылды.
Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын және өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың іс-әрекетін тексеруге бағытталған.
Оқу-жаттығу кезінде ауруханада қызметкерлерімен жеңіл дәрежедегі науқастарды қауіпсіз аймаққа шығарды. Ал тасымалдауға келмейтін науқастарды терезелерден, ауыр жиһаздардан және тағы басқа да қауіпті нысан маңынан алыстатып, алдын ала дайындалған ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарға жайғастырды.
Сейсмикалық жаттығуларға барлық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері, ұйымдар, кәсіпорындар, медициналық мекемелер, оқу орындары, сондай-ақ қала тұрғындары да қатысты.