Шымкент қаласында 7 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 пайызға артып, 21,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығында 4,1 млрд теңгенің, мал шаруашылығында 17,1 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы хабарлады.
Басқарманың ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің өсімі негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі 3,2% - ға, оның ішінде тірі салмақтағы ет 3,2% - ға және сүт 2,6% - ға арту есебінен болды.
Жалпы қалада осы жылы 29,3 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақыл 12,9 мың га, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азықтық 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп 0,7 мың га. Нәтижесінде бүгінгі күнге 71,2 мың тонна өнім жиналды.
Есепті кезеңдері қара мал саны 80,4 мың басты, қой мен ешкі саны 92,6 мың басты, жылқы –14,1 мың бас, құс 934,7 мың басты, шошқа 3,6 мың басты құрады.