Шымкентте өткен жылы егістікке жарамды 39,5 мың га жердің 27,9 мың гектары игерілген. Бұл 2019 жылмеен салыстырғанда 1,2 мың га артық орындалған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Атқарылған жұмыстар ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.
Оған қоса, 2020 жылы өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 га жылыжай мен 15 гектарға қарқынды алма бау егу жобасы іске асырылды.
Айта кетсек, қазіргі таңда шаһарда ауылшаруашылығына жарамды жер 62,6 мың гектарды құрайды.