Автокөлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады

Автокөлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады

Шымкенттіктер автокөлік салығын төлеп үлгеруі үшін санаулы сағаттар қалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Темір тұлпары» үшін төленетін салықты тұрғындар 1-ші сәуірге дейін төлеп бітуі тиіс. Қазір Шымкентте автокөлік салығы бойынша жалпы қарыз 700 миллион теңгені құрап отыр. Мәселен, 45 автокөлігі бар шымкенттік жергілікті билікке 3 миллион теңге қарыз. «Берешегінен» құтылмағандардың саны бүгінде 16 мыңға жеткен. Дер кезінде төлеп үлгермеген жүргізушілерге өсімпұл қосылады.

Айта кетейік, қалада 170 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Биыл алғаш рет салық төлеушілердің ыңғайлығы үшін «e-salyk azamat» телефонға арналған қосымшасы іске қосылды. Одан бөлек, Kaspi.kz және Sberbank.kz банктерінің телефон қосымшалары арқылы да төлеуге болады.


Фото: Самат Мырзалиев