Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады – Атамқұлов

Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады – Атамқұлов

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті онлайн отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Отбасы» банк жұмысының негізгі қағидаты – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. «Отбасы» банк базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталық» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сонымен қатар тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қою бойынша бөлуді орталықтандырып, жүзеге асыратын болады, - деп айтты Бейбіт Атамқұлов.

ИИДМ басшысының сөзінше, тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Осылайша базаға қайта енгізуге жол берілмейді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектілік мәселесін шешу үшін жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй кезектілігін бере отырып, «Отбасы» банкке толыққанды даму және қолдау институтын құруды тапсырған болатын.

Фото: ашық дереккөз