Азаматтарды кезекті жеке қабылдау

Азаматтарды кезекті жеке қабылдау

Бүгін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында әлеуметтік мәселелерге қатысты 2 қала тұрғыны келіп, өз ұсыныс-тілектерін білдірді.

Қабылдау барысында Балмаржан Полатқызы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді. Азаматтардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Айта кетсек, басқарма басшысының жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Алдын-ала жазылуды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының кеңсе бөлімі (Нұрсат м/а, С.Бәйтереков көшесі, 89) 51 кабинет жүргізеді.