Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «НГСК КазСтройСервис» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы өкілдері азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында өзара бірлескен меморандумға қол қойды.
«ҚазҚұрылысСервис» - бұл жобалау, сатып алу және құрылыс жөніндегі жетекші технологиялық компания. Компанияның тәжірибесі мұнай-газ, инфрақұрылым және өнеркәсіптік секторлар үшін құрылыс шешімдерін ұсынуға келгенде әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналады.
Жалпы, «КазСтройСервис» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалында 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті мамандар (бетоншы, ағаш ұстасы, дәнекерлеуші, тас қалаушы және т.б.) қажет.
Осыған орай жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері «КазСтройСервис» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы басшысымен кездесіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Алғашқы жұмыс орны» бағыттарымен таныстырды.
Мемлекеттік бағдарламаның жұмыспен қамту бағыттарына қызығушылық танытқан компания өкілдері алдағы уақытта 200-ден аса жұмыссыз азаматтарды өңірде жүргізілетін құрылыс жұмыстарына және Ресейдегі филиал тарапынан іске асатын 18 жастан 60-жасқа дейін 1000-ға жуық жұмыссыздарды вахталық әдіспен жұмысқа тартуға келіссөз жүргізді.