Шымкент қаласына қарасты Бадам тұрғын алабындағы 331 абонентті газбен қамтамасыз ету жұмыстары басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім етті.
Еңбекші ауданы тұрғындарының 86,6 пайызы мемлекеттік, 3,4 пайызы жекеменшік жүйеде газбен қамтылған. Ал, қалған 10 пайыз газбен қамтылмаған тұрғындардың мәселесін шешу 2021-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген.
- Бадам тұрғын алабындағы 331 абонентті газбен қамтамасыз ету құрылысына бастапқы қаржы бөлініп, ішкі орам газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың І тоқсанындағы бюджетті нақтылау сессиясында жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі. Бюджеттен қаржының бөлінуіне қарай жұмыстар атқарылатын болады, - деді аудан әкімі Ғалымжан Молдабайұлы.
Айта кетейік, карантин талаптарына байланысты есептік кездесу онлайн форматта өтуде.