Шымкентке жасаған іс-сапары барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Silkway Халықаралық университетінің базасында орналасқан "SmartHub"тың және Шымкент қаласы IT компанияларының жобаларымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдірахановтың айтуынша, «SmartHUB» жобасының негізгі мақсаты — Цифрлық технологияларды пайдалана отырып қызметкерлерге, білім алушыларға қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ барлық салада цифрлық технологияның енуін қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.
«Бүгінгі таңда SmartHUB- та 10 маман жұмыс істейді. Орталық барлық жаңа техникаларамен жабдықталған. Silkway Халықаралық Университетіне алғаш рет Робот-қызметкер «Promobot V.4» сатып алынды. Ақылды робот университет туралы ақпаратттар беріп, білім алушыларға қызметкердің қатысуынсыз қызмет көрсететін болады. Бұлардың барлығы еліміздің дамуына үлес қосатын білімді, сапалы мамандарды даярлау мақсатында жасалып отыр»,- деді басқарма басшысы.
Бағдат Батырбекұлы барлық жобалармен мұқият танысып, «Ақылды жаяу жүргіншілер жолағы», «Anticovid жобасы», «Price Control», «Ақылды күнбағыс», «Ақылды есептегіш» т.б. жобаларды жоғары бағалап, ииновациялық жобаларға авторлық куәлік алып, мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуды ұсынды.