БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан чемпионат өтті

БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан чемпионат өтті

БАҚ өкілдер арасында шағын футболдан чемпионат өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Кезекті чемпионатқа еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан жетекші 15 команда қатысты. Турнир өткен жылдың қазан айында басталған болатын.

Қазіргі біріншілікте «Хабар» телеарнасы мен қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі арасындағы чемпионат атану жолындағы табанды күрес соңғы турға дейін жалғасты. Ақтық ойын күнінде дәл осы командалар алаңда кездесті.

Соңғы кезеңнің алдында әскери журналистер «Хабар» телеарнасынан екі ұпай озып, тең ойын көрсетті. Осыған қарамастан, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің командасы кездесудің алғашқы минуттарынан бастап артықшылыққа ие болды. Осылайша Қорғаныс ведомствосының Ақпарат және коммуникациялар департаментінің командасы ақтық ойында 8:4 есебімен жеңіске жетіп, футзалдан БАҚ арасындағы VIII чемпионаттың (BAQ League) жеңімпазы атанды.

Екінші орын «Хабар» телеарнасына бұйырды. Ойынның «Қола» жүлдесі «Qazaq radiolary» ұжымы еншіледі.

Жеңімпаз команда капитаны Ғани Нүсіпов құрама бұл жеңісті еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ел егемендігінің қалтықсыз күзетіндегі әскерилеріне арнайтынын айтты.

Айта кетейік, BAQ League чемпионаты сегізінші рет өтті. Алдыңғы жеті турнирде «Хабар» телеарнасының командасы жеңіске жеткен болатын.