«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер 12 сәуірден бастап қабылданады

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер 12 сәуірден бастап қабылданады
«Бақытты отбасы» бағдарламасына көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы, толық емес отбасы санаттары бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы банкінің салымшылары қатыса алады, деп хабарлайды Shymkentaqparat


Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады.

- Енді жолдама алу үшін әкімшілікке барудың қажеті жоқ. Биылдан бастап өтінімдер онлайн қабылданатын болады. Келесі посттарда біз бұл туралы толығырақ айтатын боламыз, - делінген хабарламада.

Бағдарламаға шарттары:

- Несие мөлшерлемесі жылдық 2%;

- Бастапқы жарна - 10%.

- Талаптарға сай, жеңілдетілген заем алу үшін әр отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері соңғы алты айда ай сайын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни, 106 336 теңгеден аспауы қажет. Яғни, бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады, - деп аталып өткен таратылған мәліметте.