Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті. Балалардың құқығын қорғау, оларға қатысты заң бұзушылық жағдайлары бойынша ұйымдастырылған кездесуге бірнеше басқармалардан жауапты мамандар келді. Адвокаттар, әділет департаментінің өкілдері қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға жазылғандардың басым бөлігі әлеуметтік мәселе бойынша көмек сұрай келгендер. Сондай-ақ, ерекше балалар үшін әлеуметтік көмек пен демалыс алу, мектеп ауыстыру, алимент өндіру секілді сұрақтар төңірегінде заңдылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Зухра Исламова есімді қала тұрғыны жаңа туған нәрестесінің құжатына әлі күнге дейін қол жеткізе алмаған. Тиісті мекемелерден мардымды жауап ала алмаған ол, Аманат партиясына келіп көмек сұраған. Нәтижесінде заңгерлер оң шешімін көрсетіп, жауапты органның қабылдауына ұсынды. Ал, Балжан Сайранбаева алимент өндіру бойынша сот орындаушылардың әрекетсіздігіне наразылық білдірген. Бұл мәселе де білікті заңгерлердің кеңесінен кейін, кезек күттермей шешілетін болмақ.
Қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектері бойынша заңгерлік кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың мәселелері толық қаралып, сала мамандары тарапынан шешу жолдары қарастырылды.
Шымкент келбеті