Шымкент қалалық Тұраны ауданының аумағында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 балалар ойын алаңшасы салыну жоспарланған. Бүгін 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 4 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, елдің игілігіне берілді. Олар Құрсай елдімекендегі Құлаңтөбе көшесі, Бәйдібек би көшесі №246, Ақтас елді мекені, Отырар шағын ауданындағы №52 тұрғын үй ауласы. Бүгінгі шараға балалармен бірге ересектер де қуанып, ашылу салтанаты тұсында мерекелік көңіл-күймен түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылды.
Ал қалған 9 балалар ойын алаңшасы да көп ұзамай халықтың қолданысына берілетін болады. Төмендегі тоғыз алаңшасының тізімін ұсындық:
- Құрсай е/м Бекболатов көшесі;
- Құрсай е/м Сатқанбаев көшесі;
- Құрсай е/м Әулиекөл көшесі;
- Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі;
- Қазығұрт е/м Оңдасынов көшесі;
- Жарқынбеков көшесі №17;
- 112 орам;
- Ақжар елді мекені;
- Арғымақ елді мекені.