1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Абай ауданының әкімдігі аудандағы 100-ге жуық балаға қуанышқа толы қызықты сәт сыйлады. ⠀
Балаларды бақытқа бөлеген мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова қатысып, жас өрендерге жүрекжарды жылы лебізін білдірді. ⠀
— Балғындарды мерекелерімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпаққа амандық, дендеріне саулық тілеймін! Жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын! Біз оларды әрдайым қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлауға дайынбыз,- дейді Гүлнұр Нұрбекқызы.⠀
Мерекелік жиын барысында «Art Sport» үйірмесінің өнерпаздары домбырамен асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төкті. Балаларға сый ретінде 100 доп, 100 балмұздақ үлестірілді. Онымен қоса, саябақтың барлық аттракционына тегін отыруға мүмкіндік берілді. ⠀
⠀