Балықтардың қырылуына байланысты Бадам өзенінен сынама алынды

Балықтардың қырылуына байланысты Бадам өзенінен сынама алынды

Күні кеше Instagram әлеуметтік желісінің gappar_nomad парақшасында Бадам өзенінде маринка балығының өлгені туралы ақпарат жарияланды. Осыған байланысты дереу арада аталған өзеннен арнайы сынама алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Сол күні Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі Шымкент қаласының экология департаменті, табиғатты қорғау полициясы және ветеринарлық қызмет өкілдерімен бірлесіп, жергілікті жерге барды. Экология, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің және ветеринарлық қызметтің қызметкерлері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтан сынама алды» - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кету керек, өзеннің кейбір учаскелерінде судың түсі бұлтты ақтан бұлтты қоңырға дейін өзгерген. «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Арал филиалының алдын ала қорытындысына сәйкес, маринканың өліміне жаңбыр және тасқын суларының ағуынан судың сапасы мен температурасының өзгеруі себеп болған, бұл өз кезегінде балықтардың тіршілік әрекетіне әсер етеді.

Балықтардың балықтардың қырылуының нақты себебі зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.