Барлық өңірде үнді штамы анықталды

Барлық өңірде үнді штамы анықталды

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі әлемде «Дельта» штамы таралуына байланысты КВИ жұқтырған науқастардың зертханалық үлгілерін ПТР скирнгінен өткізді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап


Өткен тәулікте, яғни 1 шілдеде үнді штамын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі өткізіліп, оның 48,3 пайызында үнді штамы анықталды. «Дельта» штамы еліміздің барлық өңір мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды.

Мутацияның болуын және оның «Дельта» штамына жататынын түпкілікті растау үлгілердің ДНҚ толық геномдық реттілігі аяқталғаннан кейін анықталады.

Үнді штамының белгілері - инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқаруы, ішек белгілері басым, аурудың тез дамуы, жастар арасында тез таралуы және балалар мен жүкті әйелдер арасында ауыр өтуі.

- Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардан өз денсаулығына және жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлық жасауды сұрайды. Инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы - COVID-19 вакцинациясы. Сонымен қатар, вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын-алу шарасын сақтау қажет: маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және тағы басқасы - делінген хабарламада.

ДДҰ дерегінше 2021 жылдың 1 шілде күнгі жағдай бойынша 96 елде «Дельта» SARS-CoV-2 штамы анықталған.