Бас партияның Шымкент қалалық филиалына жаңа басшы тағайындалды

Бас партияның Шымкент қалалық филиалына жаңа басшы тағайындалды

«Nur Оtan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Жанар Бектаева тағайындалды, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz.

Ол бұған дейін Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. 2003-2006 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік универсиеті саясаттанушы мамандығы және саясаттану магистрі бойынша білім алған. 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясының "Экономика және бизнес" факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004-2006 жылдары Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институты "Саясаттану" кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2006-2013 жылдары – ОҚО ішкі саясат департаменті талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы болған.

2013-2014 жылдары – ОҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылы Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болған.

2018 жылы Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары болды.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін ол аталған басқарманың басшысы қызметінде болды.