ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі әсері туралы айтты. Қиясов елімізде «Спутник V» вакцинасын салдырған алғашқылардың бірі болды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ең алдымен, науқасты тексеру жүргізіледі. Пациентке вакцина салдыруға келісім қағазы беріледі және ол оған қол қояды. Вакцина екі кезеңнен тұратындықтан, ол қайта келуі керек. Екінші доза 21-ші күні салынады. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын», - деді Қиясов журналистерге.
Оның айтуынша, вакцинацияның нәтижесі үшін барлық жауапкершілік өндірушіге де, тікелей медициналық мекемеге де жүктеледі.
Фото: ашық дереккөз