Бауырлас елге көмек көрсетуде қайырымды қала тұрғындарыда белсенділік танытуда

Бауырлас елге көмек көрсетуде қайырымды қала тұрғындарыда белсенділік танытуда

Түркия еліндегі апатты жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құтқарушылар мен дәрігерлер жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Олардың арасында жергілікті мамандар да бар.

Президент тапсырмасы аясында ел аумағында жүргізіліп жатқан қайырымдылық шаралардан шымкенттіктер де шет қалмай зілзаладан жапа шеккен халыққа көмек қолын созып, барынша елдігімізді, бірлігімізді танытуда.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек беру мақсатында құрылған арнайы штаб өкілдерін кезекті рет қабылдады. Кездесуде штаб өкілдері қала басшысын қордың жұмысымен таныстырды.

“Қайырымды қала тұрғындары бауырлас елге қамқорлық танытуда жаппай белсенділік танытуда. Бұл біздің ынтымақтастығымызды, татулығымызды айқын көрсетті. Қайғылы жағдайда қалған бауырластарға қолдау көрсетіп, жәрдем еткен жерлестерімізге алғысым зор» - деді қала әкімі.

Осыған дейін қаланың жомарт азаматтары мен кәсіпкерлерінің, ерікті жастарының ұйымдастыруымен 20 тоннадай жылыту пештері, қуаттағыш сияқты түрлі қажетті заттардан құрылған гуманитарлық көмек жөнелтілді. Зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ашылған арнайы есеп-шотқа 20 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Заттай, қаржылай көмектерді жинақтау жалғасуда.