«Қоғамдық пікір» зерттеу институты Парламенттік сайлау бойынша Exit-poll нәтижесін жариялады, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде сайлау нәтижелері бойынша өткен брифингте мәлім болды
Ең алдымен «Exit Poll» дегеннің не екендігін түсіндіріп өтейік. Сайлау кезінде дауыс берген азаматтардың арасында өткізілетін анонимді сауалнама «Exit Poll» деп аталады. Экзит-полл сайлаудың алдын ала нәтижесін жасау арқылы оны бұрмалауға жол бермейді.
Заң бойынша экзит-поллды сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сонымен бірге сайлау кезінде дауыс беретін үй-жайлардың ішінде де жүргізуге рұқсат жоқ. Экзит-полл тек учаскеде дауыс берген сайлаушылар арасында ғана жүргізіледі. Ал оның нәтижесін жариялағанда ақпарат көзін, сауалнаманың уақытын, мәлімет жинаудың әдіс-тәсілін, нақты сұрақты, сауалнамаға қатысқан адамадардың саны мен қателік коэффиценті міндетті түрде көрсетіледі.
Сонымен Парламенттік сайлауда Exit-poll нәтижесі бойынша:
- «Nur Otan» – 71,97%;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,18 %;
- Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) – 9,03%;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 5,75%;
- «Адал» партиясы – 3,07%.
Айта кетейік, мәжіліске өту үшін партия кем дегенде 7 пайыз дауыс жинауы тиіс болатын.