Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылдың маусым айының 30 жұлдызында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізіліп, қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүруге тыйым салынды.
Бұл өз кезегінде қоғамдық орындарға никаб, түрлі бетперде, балаклава және басқа да бетперде мен аксессуарларды киюге тыйым салуды көздейді.
Бұл шешім азаматтардың құқықтарын шектеу болып табылмайды, себебі заң қоғамдық қауіпсіздік тәртіпті сақтауға бағытталған.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында заңды бұзбауға және заңсыз әрекеттерден бас тартуға шақырамыз.
Уважаемые жители и гости города!
30 июня текущего года внесены дополнения в Закон Республики Казахстан «О профилактике правонарушений», запрещены ношение в общественных местах одежды, препятствующей распознаванию лиц.
Это, в свою очередь, предполагает запрет на ношение никаба, различных масок, балаклав и других аксессуаров закрывающих лицо в общественных местах.
Данное решение не является ограничением прав граждан, так как закон направлен на поддержание общественного порядка.
В целях защиты прав и свобод граждан, призываем не нарушать закон и не совершать противоправных действий.
Шымкент қаласының Дін істері басқармасы