Бүгін әлем елдері балалар кітабы күнін атап өтуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл күн балалар әдебиетіне өлшеусіз үлесін қосқан Ханс Христиан Андерсеннің туған күніне орай арнайы датаға енген.
Балалар әдебиетінің гүлденуі 19 ғасырда басталған. Сол кезде балаларға қоршаған әлем туралы түсінікті тілде таныстыратын, мінез-құлықтарын қалыптастыратын, оқуға деген қызығушылығын оятатын кітаптар қажет деп танылды.
Айта кетейік, күні кеше қазақ әдебиеті «Бұйырған» және «Кінәлі қыз» атты 2 сиясы кеппеген кітаппен толықты.