Елімізде жыл сайын 23 маусым кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күні аталып өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдаған болатын.
Бұл Тәуелсіз Қазақстан Республикасы полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құжат болды.
Ал 2007 жылы 5 маусым күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми бекілді.
Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі ең маңызды құрылымдардың бірі.
Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді.
Қазақстан полициясы күні – бұл қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлерге алғыс білдіріп, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін бейбіт күнде өз өмірін құрбан еткен полицейлерді еске алатын күн
Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні саналады. Осыған орай жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлер күні атап өтіледі.