"Бүгін мен өрт сөндіруші-құтқарушымын"

"Бүгін мен өрт сөндіруші-құтқарушымын"

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті журналистердің төл мерекесіне орай БАҚ өкілдері арасында семинар-квест сайысын өткізді. «Бүгін мен өрт сөндіруші-құтқарушымын» атты семинар-квест биыл өзгеше форматта ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – департаменттің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылын пысықтау, қызметтің күнделікті атқарып жатқан қызметімен таныстыру, журналистерге құтқару құралдарын қолдану дағдыларын көрсету.

Семинарға қатысушы БАҚ өкілдері құтқару құралдарын қолдану арқылы практикалық тапсырмаларды орындады, өртті сөндірудің негізгі элементтерін пысықтады, өрт сөндіруші-құтқарушылардың арнайы костюмдерін киді.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен таныстыру жауынгерлік киім киюден басталды. Әрі қарай өрт сөндірушілер шығатын техника, автоцистерналар, автосатылар, газ-түтіннен қорғау қызметінің автокөлігі және басқа да техника түрлері таныстырылды.

Департамент басшысының орынбасары Аманбек Бейсембаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, дәстүрлі сайыстың мақсаты өрт сөндіруші-құтқарушылар кәсібінің имиджін арттыру екенін атап өтті. А.Бейсенбаев мерекеге орай БАҚ өкілдерін Алғыс хатпен марапаттады.