Бір аптада «102» нөміріне 6 мыңнан аса қоңырау түсті

Бір аптада «102» нөміріне 6 мыңнан аса қоңырау түсті

12-18 сәуір аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 6 372 қоңырау келіп түсті, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Оның 2 888-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 4 қылмыс ашылды.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Бұл ретте, Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 904 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 10 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 25, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 24, жол қозғалысы ережелерін бұзу 710 және өзге де 135 құқық бұзушылықтар.