Шымкент қаласындағы Батыс шағынауданын сапалы ауызсумен қамту үшін құбыр тарту жұмысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Құрылыс «Мелиоратор» мердігер мекемесі тарапынан өткен жылы басталған болатын. Нысандағы тартылатын құбырдың жалпы ұзындығы 151,47 шақырым. Бүгінде құрылыстың 80 пайызы атқырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ал Батысқа сапалы электр желісін тарту үшін осы жылдың мамар айында құрылыс басталған болатын. Нысанның құрылысын жүргізетін «Turan Energo Group» мердігер мекемесі.
Батыс шағынауданын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында мердігер мекеме тарапынан 2021 жылдың мамыр айында құрылыс жұмысы басталды. 2022 жылдың III тоқсанында құрылыс аяталса, 2 243 абономент сапалы электрге қол жеткізеді.