Биыл 2 мыңнан аса шымкенттік баспаналы болады

Биыл 2 мыңнан аса шымкенттік баспаналы болады

Биыл мегаполисте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 204 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов мәлімдеді.

Биыл 79 көп қабатты тұрғын үй салынады. Оның 61-і кредиттік, 18-і арендалық. Жыл соңында 39 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 2 096 пәтер пайдалануға беріледі, - деді Ербол Құланбайұлы


Бұдан бөлек, нарықтан 1 580 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде 1 916 отбасы арендалық баспанамен қамтылады. Оның ішінде, 588 – көп балалы отбасыларға, 428 – әлеуметтік осал топқа жататын жандарға, 900 – жұмыс істейтін жастарға беріледі деп жоспарланып отыр.