Биыл 20 магистралды көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл 20 магистралды көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Әл Фараби ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен биылғы жоспардың орындалу барысы баяндалды.

М.Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:

  1. Д.Қонаев даңғылы
  2. №1 автомобиль жолы
  3. Қазыбек би көшесі
  4. Желтоқсан көшесі
  5. Назарбеков көшесі
  6. Аймауытов көшесі
  7. Көшеров көшесі
  8. Тыныбаев көшесі
  9. Қабанбай батыр көшесі
  10. Анаров көшесі
  11. Жансүгіров көшесі
  12. Абай даңғылы
  13. Исмайлов көшесі
  14. Алпысбаев көшесі
  15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а
  16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а
  17. Орынбаев көшесі
  18. Шанин көшесі
  19. Байтіленов көшесі
  20. Үркімбаев көшесі