Қаладағы Тұран шағын ауданында биыл 13 көшеге асфальт төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмысы қарқын алған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков алты айда атқарған жұмысы туралы есебінде баяндады.
Басқарма басшысының сөзінше, шалғай орналасқан тұрғын алаптарға ауыз су, газ және байланыс желілерін тартып, қалалық орта қалыптастыру үшін бірқатар құрылыс жұмысы қарқын алған. Оның ішінде Қызылжар тұрғын алабы да бар.
Ал қала көшелерін жарықтандыру үшін биыл әлеуметтік маңызы бар 324 көшеге шарықшам орнату жұмысы қолға алынған. Сонымен бірге 104 көшені жарықтандыруға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кәсіпкерлермен келісімшарт түзіліп, бүгінге дейін 31 көшеде жұмыс атқарылып отыр.
Айт кетсек, қалада жалпы әлеметтік маңызы бар 747 көше болса, қазір оның 220-сы ғана жарықтандырылған.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласындағы жұмыстар қаланың тыныс-тіршілігімен етене байланысты сала екенін атап өтті. Жүктелген міндетттер басқарманың әрбір қызметкерінен терең кәсібилік пен жеке жауапкершілікті талап ететінін айтып, халыққа ұсынатын қызмет арнасын жүйелеуді талап етті.