Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz
-Халықты еңбекпен қамту шаралары биыл жалғасын табады. Атап айтқанда, «Еңбек» бағдарламасымен 21842 адамды, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 392 және мемлекеттік салалық бағдарламалар негізінде 11 151 тұрғынды жұмыспен қамту жоспарымызда бар. Сонда жыл соңына дейін 33 385 азамат жұмысқа тартылады, - дейді Қасымбек Пернебекұлы.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте өткен жылы жұмыссыздар саны азайып, екі қолға бір күрек тапқандардың саны 68 584-ке жеткен.
Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасымен 34 847 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 8 753 азамат, мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 24 984 тұрғын жұмыспен қамтылған. Осы ретте жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай азайған.