Шымкентте биыл газ тартылмаған елді мекендерді көгілдір отынмен қамту мақсатында 18 нысанның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қазіргі сәтте 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен толық, 33 елді мекен жартылай қамтылған. Ал 8 елдімекен - Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле 276 орам елді мекендері газбен қамтуды қажет етеді.
Шаһарда жыл соңына дейін АГРС-3 нысанның құрылысы аяқталады. Аталған нысан іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамтылады деп жоспарланып отыр.
Сонымен бірге жыл соңына дейін 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Оның нәтижесінде, Азат, Асар-2, Достык, Бадам-195 орам және Алтынтөбедегі 11 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қолы жеткізеді.
Осы жұмыстар жүзеге асырылса, жыл соңында қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсетшісі 93%-ға жетеді.