Биыл елімізде 28 874 баспана пайдалануға берілді

Биыл елімізде 28 874 баспана пайдалануға берілді

Биыл елімізде 17 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

- Биылғы төрт айдың қортындысы бойынша машина жасау саласында 120,6% өсім болды. Түсті металлургияда оң динамика сақталып, өсім 3% болды. Қара металлургия бойынша нақты көлем индексі 102,7% құрады. Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 26,2%-ға артты. Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 4,9% өсті. Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға сұраныс артуына байланысты химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі артты. Өсім 11,2% құрады. Құрылыс материалдарының өндірісі 126,5% болды, - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, елімізде 28 874 баспана пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш Алматы және Павлодар облыстарынан басқа 15 өңірде артты.