Биыл елордада пилоттық режимде 5G желісі іске қосылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді.
«Заманауи интернет желісі ең алдымен елордаға, келер жылдың соңына қарай республикалық маңыздағы басқа қалаларға жеткізіледі. Ал 2025 жылы барлық облыс орталығы қамтылады», - деді Асхат Елубайұлы.