Биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жеті ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. Жыл соңына дейін тұрғындардың талабы ескеріліп, Тұранда - 2, Нұртаста - 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабында - 1 спорт алаңы бой көтереді. Жобада жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған орындар қарастырылған. Заманауи талапқа сай бой көтеретін алаңшалар бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.
Орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.
Өткен жылы Қаратау ауданында осы бағдарлама шеңберінде 26 жоба бойынша аулалар абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылған болатын.