Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарына төрағалық Беларусь елінен Қазақстанға ауысты, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz тілшісі inform.kz мәліметтеріне сілтеме жасап.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстан бұл бағытта қандай негізгі жұмысқа мән беретінін мәлім еткен болатын.
«Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарындағы төрағалық жаңа жылдан бастап Беларусьтен Қазақстанға өтеді. Келесі жылы басты басымдықты экономикалық одақ туралы келісімді толыққанды орындауға, кедергілерді жоюға, өзара тиімді кооперациялық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру процедурасын жетілдіруге, оның функционалдығын нығайтуға бергелі отырмыз. Құрметті әріптестер, менің ресми ұсыныстарым келесі жылдың қаңтар айында сіздерге жолданады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.