Қаладағы көшелерге жазғы гүлдерді отырғызу жұмысы басталды. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында 18 мың түп гүл егілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ауданда көркейту-көгалдандыру жұмысын «Build Stroi» мердігер мекемесі атқарып отыр. Олар қаланың басты көшелеріне тагетис, шафран, петунья, катарантус, сальвия, целозия, цеценариямен райхан сынды гүлдің 8 түрін отырғызды.
Шымкенттің жазғы аптабына орай мамандар гүлдер мен көгалдарды суаруды 60 рет жүргізетінін айтады. Қажет болған жағдайда одан да көбірек суарылады.
Гүл егу мамыр айының соңына дейін жалғасады.