Биыл Әл-Фараби ауданында 22 көше жарықтандырылады

Биыл Әл-Фараби ауданында 22 көше жарықтандырылады

Шымкентте Әл-Фараби ауданында 404 көшенің 103-і толық жарықпен қамтылса, 301 көше жарықтандыруды қажет етеді. Жыл соңына дейін 22 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде аудан әкімі Рашид Мыңбаев қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде баяндады.

Р.Мыңбаевтың сөзінше ауданның шалғай елді мекендері: Ақтас,195 және 276 орамдарда инфрақұрылым мәселесі ретімен шешімін тауып келеді. Мәселен, 195 орам және Ақтас-2 шағынауданындажалпы 5,2 шақырым жолға шағал тас төсеу қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 195 орамда 5 көше, Ақтас-2 шағын ауданында 4 көше жөнделуде. Сондай-ақ, 195 орамда газ құбырларын тарту жұмыстары қатар атқарылуда. Ал ауыз су және жарықтандыру мәселелері толық шешімін тапқан.

Биыл Әл-Фараби ауданындағы 7 көшеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жоспарға сәйкес «Сәуле» шағынаудандағы 2 көшеде және орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, «Түркістан» көшесінен А-2 жолына дейін, Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары және Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелеріндегі қиылысқа айналма жол салу жұмыстары қолға алынған, -деді аудан әкімі.

Сонымен қатар Ақтас-2 және 276 орамда ауыз су құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағынауданындағы ауыз су құрылысы 2021 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал осы жылдың маусым айында басталған 276-шы орамдағы ауыз су құрылысы келесі жылға өтпелі. Аталған жұмыстар аяқталса 276 орамда 260 үй, ал Ақтас-2 шағынауданында 45 үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Аудан әкімі тікелей эфир барысында тұрғындардың инфрақұрылым және әлеуметтік салалар бойынша сауалдарына жауап берді.