Діни күнтізбе бойынша биыл Рамазан айы 14 сәуірде басталады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Осы жылға арналған діни мерекелердің кестесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен.
Қасиетті Қадір түні мамырдың 9-нан 10-ына қараған түніне сәйкес келеді. Ал Ораза айт мерекесі 13 мамырға белгіленген. Құрбан айт 20-22 шілде аралығында тойланады.
Қажылықтың соңғы күні Арапа күні 2021 жылы 19 шілдеге түседі. Ал Ашура күні 19 тамыз күні болып өтпек. Мұхаммед пайғамбардың туған күніне арналған Мәуліт мерекесі 18-19 қазанда болады.
Осы жылы пітір садақаның мөлшері адам басына 370 теңге деп белгіленді. Төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақа мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.
Айта кетейік, 1 наурыздан бастап «жасыл аймақтағы» барлық мешіттерде жұма намазы оқылады.