​Биыл шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет сапармен келді

​Биыл шет мемлекеттердің басшылары Қазақстанға 30 рет сапармен келді

— Олардың арасында ҚХР, Италия, Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ және тағы басқа елдер бар. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында жазды.

Оның сөзінше, Қазақстан халықаралық диалогтың белсенді алаңына айналды.

— Олардың арасында ҚХР, Италия (екі рет), Грузия, Өзбекстан, Словения, Вьетнам, БАӘ, Руанда, Солтүстік Македония, Болгария, Словакия, Иордания, Конго Демократиялық Республикасы, Мьянма, Мажарстан, Әзербайжан, Финляндия, Эстония, Армения, Түрікменстан, Швейцария және Иран елдерінің мемлекет және үкімет басшылары бар, — деп жазды Желдібай.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де президенттермен 43 мәрте телефон арқылы сөйлесті. Бұдан бөлек, 4 ресми рәсім барысында 30 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.

Бұдан бөлек, бір жыл ішінде Президент өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында 168 960 шақырым жол жүрді. 252 сағат уақытын ұшақта өткізді.

Осыған дейін биыл Президент қанша нормативтік-құқықтық актіге қол қойғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, 2025 жылы Президент 186 халықаралық кездесу өткізгені анықталды.